Түркістандағы ҚР Чемпионаты туралы маңызды хабарлама

18, 16 және 14 жасқа дейінгі ҚР чемпионатының қатысушылары!

Түркістандағы сайыстың басталуына бірнеше күн қалды, сіздермен кездесуді асыға күтудеміз! Назарларыңызды чемпионат күнтізбесіндегі маңызды өзгеріске аударғымыз келеді.

13-14 қаңтарға жоспарланған 8 және 9 турдың басталу уақыт кестесіне өзгерістер енгізілді.

Ойын күнінің басталуы: 09:30

Бұл шешім техникалық себептерге байланысты қабылданғанын хабарлаймыз.

Жарыстарда баршаңызға сәттілік серік болсын. Қатысқаныңыз және түсіністік танытқаныңыз үшін рахмет!

05.01.2024 43

Федерация серіктестері