Федерация туралы

Қазақстан Республикасының Шахмат Федерациясы Қазастан тәуелсіздігінің басталуымен бірге құрылды.

Оның негізгі мақсаты ҚР шахматты көпшілікке айналдыру, жетекші спортшылар мен құрама командалардың халықаралық жарыстарға қатысу және сауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Федерация өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Азаматтық Кодексіне, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға, Жарғыға және басқа заң шығару актілерге сәйкес атқарады.

Федерация төмендегі бағыттар бойынша белсенді жұмыс жасайды:

Қазақстанда шахматты дамыту және жалпы көпшілікке қолжетімді ету. 

  • Техникалық база құру, шахмат клубтарын ашуға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.
  • Балалар мен жастар арасында шахматты насихаттау және дамыту.
  • Жарыстар өткізу.
  • ҚР Құрама командасының халықаралық турнирлерге қатысуын қамсыздандыру (Әлем Чемпионаты, Әлем кубогы, Азия Чемпионаты және басқалар).
  • Спортшыларға жеке қолдау көрсету.

Федерация серіктестері