Тимур Турлов үздік спорттық федерация президенті атанды

ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған «Үздік» арнайы жылсайынғы іс-шара барысында Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік акредиттелген спорттық федерация президенті» аталымымен марапатталды.

Барлығы марапатқа 18 аталым бойынша үздіктер ұсынылды.

«Аталмыш марапат Қазақстан шахмат федерациясының ұжымы мен біздің спортшыларымыздың атқарған үлкен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Жұмсалған күш-жігер мен қазақстандық шахматшылардың айтулы табыстары елеусіз қалмай, профильдік ведомствомен лайықты бағаланғаны қуантады. Осы жыл федерацияның үлкен әлеуеті бар екендігін көрсетті, біз оны жүзеге асыруға тиістіміз. Бұл үшін біз бар күшімізді саламыз. Әріптестерім мен шахматшыларымызға және Туризм және спорт министрлігіне қолдауы мен сенімі үшін ризашылығымды білдіремін», деді Тимур Турлов.

Атап өту керек, 2023 жылы қазақстандық шахматшылар 116 медальға қол жеткізді. Соның ішінде әйелдер арасында командалық әлем чемпионатының күмісі, Азия ойындарында әйелдер құрамасының қоласы, сондай-ақ Азия біріншілігінде екі алтын мен екі қола жүлдесі бар. Бұған қоса Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесе отырып, Қазақстан аумағында ерлер арасында әлем чемпионы атағы үшін матч және мектеп командалары арасында әлем чемпионаты өткізілді.

29.12.2023 127

Федерация серіктестері