Павлодарда М. Никитинның XV Мемориалы өтеді

Барлық шахмат жанкүйерлерін жыл сайынғы XV Ю.М.Никитин мемориалына қатысуға шақырамыз. Юрий Михайлович – Қазақ КСР-нің екі дүркін чемпионы, спорт шебері (1964), екі рет КСРО чемпионатының қатысушысы.

26 қаңтарда (келу күні) басталатын турнир екі секциядан тұрады:

«А» секциясы – халықаралық шебер нормасы бар айналым турнирі (12 қатысушы).

«Б» секциясы – швейцариялық жүйе бойынша 10 турдан тұратын турнир (2000-ға дейінгі ЭЛO рейтингі бар қатысушылар жіберіледі).

Күні: 27 қаңтар - 4 ақпан Жалпы жүлде қоры – 1 700 000 теңге.

«Б» секциясына тіркелудің соңғы мерзімі - 23 қаңтар.

Секциялардың жеңімпаздары арнайы шарттармен KazChess қолдауымен ұйымдастырылатын келесі іс-шараларға қатысу құқығына ие болады.

РЕГЛАМЕНТ

 

28.12.2023 136

Федерация серіктестері