Блогерлер мен БАҚ қызметкерлері арасындағы турнир

KazChess Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Media Chess Cup турнирін өткізетінін қуанышпен хабарлайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге. Жеңімпаз 500 000 теңге немесе желтоқсан айының соңында Самарқанд қаласында өтетін рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына жолдама-грант иегері атанады.

Жарыс швейцариялық жүйеге және ФИДЕ ережесіне сәйкес 7 тур бойы "Swiss-Manager" компьютерлік жеребесін қолдана отырылып өткізіледі. Қатысушыға партия соңына дейін 10 минут беріледі, бұған әр жүріске 5 секунд қосылады.

Өтетін күні: 15 желтоқсан, уақыты: 11:00-15: 30
Өтетін орны: Алматы қ., Қожанов к-сі, 2/2, "Фортис" БО, 5 қабат

Турнирдің басты серіктесі-Freedom Broker компаниясы.

Қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 12 желтоқсанында сағат 12.00-де аяқталады.
Барлық өтінімдер электрондық поштаға қабылданады - yernur.sovetkali@kazchess.kz 
Сұрақтар бойынша: +77088180007 (WhatsApp).

04.12.2023 266

Федерация серіктестері