Италияның Монтесильвано қаласында әлем чемпионаты басталды

Италияның Монтесильвано қаласында 14, 16 және 18 жасқа дейінгі балалар арасында әлем чемпионаты басталды.

Бұл турнирде Қазақстан атынан 31 жас шахматшы өнер көрсетеді.

Өткен 3 бастапқы раундта тәжірибелі спортшыларымыз өздерінің үздік ойынын көрсете білді. Турнир шымылдығында Алдияр Ансат, Эдгар Мамедов, Ксения Балабаева және Зарина Нұрғалиева жеңіске жетті, олар өз категорияларында көш бастауда. 

Ерғали Сүлеймен, Сауат Нұрғалиев, Аяулым Калдарова және Эльназ Калиахмет 2,5 ұпайдан жинай алды.

12 спортшы 3 ұпайдың 2-ін иеленуде.

Чемпионат 24-ші қарашаға дейін өтпек.

15.11.2023 470

Федерация серіктестері